Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Көптеген өңірлерде фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, найзағай күтіледі. Тек оңтүстікте ыстық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ел бойынша жел күшейеді, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман болады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазгидромет мәліметінше, еліміздің қалған аумақтарында антициклон жотасының әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшеюі мүмкін.
Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +23+25°C, түнде желдің жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с-ге жетеді.
Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +32+34°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +35+37°C, желдің жылдамдығы 5-10 м/с.