Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Калифорнияның 90 пайызын су басуы мүмкін
Жаңалықтар

Калифорнияның 90 пайызын су басуы мүмкін

06.01.2023
1 мин
0
590

Калифорнияның 35 миллионға жуық тұрғыны немесе халқының 90 пайызына су басу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты «Голос Америки» агенттігіне сілтеме жасап.

Калифорнияға күшті дауыл жақындауына байланысты шенеуніктер жағалаудағы қауіпті аймақ тұрғындарын эвакуациялауға бұйрық берді. 2018 жылы мұнда көшкін салдарынан 23 адам қаза тапқан еді.

Губернатор Гэвин Ньюсом төтенше жағдай жариялады. Оның айтуынша, бұл табиғи апатқа дайындалу және салдарын жоюға көмектесуі тиіс. Шамамен 35 млн адам немесе Калифорния халқының 90%-ына су тасқыны қаупі төніп тұр.

Қазіргі кезде 180 мыңға жуық үй мен кәсіпорын жарықсыз қалды.

Жаңбыр салдарынан Сан-Франциско халықаралық әуежайында 60-тан астам рейст тоқтатылды.

АҚШ-тың кейбір штаттары боранмен күресуде. Бұған дейін АҚШ пен Канадада қарлы боран салдарынан 56 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл